EXPO-2017

Польша ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады

Варшавада ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті, кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті мен Польшаның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы талқыланды, деп хабарлады СІМ.
Әлемде01 Наурыз , 15:18

Р.Жошыбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шақыртудың түпнұсқасын табыстады. А.Дуда өз елінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын екендігін мәлімдеді. Ол аталмыш көрме екіжақты ынтымақтастықты дамытудың құрылғысы болатынын атап өтті.

Туризм саласында тәжіриемен алмасу мүмкіндігі, польшалық туроператорлардың ынтымақтастық пен ашықтыққа тарту екі  ел арасында тікелей әуебайланысын 2017 жылы орнатуға мүмкіндік береді.

Польшаның сыртқы істер министрлігінде тараптар екіжақты қарым-қатынастың дамуы мен халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, ҚР-ны 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілдігіне ілгерілету сөз болды.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика