Өңірлер

Қазақстанда 63 124 нысан мен 500,5 млрд. теңгенің құнды қағаздары заңдастырылды

Қазақстанда 63 124 нысан мен 500,5 млрд. теңгенің құнды қағаздары заңдастырылды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.
Казахстан01 Наурыз , 13:47

2016 жылдың 26-шы ақпанында барлығы 1 093,7 млрд. тенге болатын 78 764 өтініш келіп түскен. Олардың 791,6 млрд тенгесі заңдастырылды.

Қазақстан республикасының аумағындағы мүлікті заңдастыру бойынша жергілікті атқарушы орган комиссиялары мен мемлекеттік кіріс органдарына 787,7 млрд тенгені құрайтын 78 365 мүлікті заңдастыру жөнінде өтініштер келіп түскен. Жалпы, 63 124 нысан мен 500,5 млрд. теңгенің құнды қағаздары заңдастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан республикасының аумағынан тыс жердегі мүлікті заңдастыру бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 1 200,0 млн. теңгені құрайтын 44 өтініш түскен. Олардың қатарында 1 128,0 млн. теңге болатын 38 тұрғын үй нысандары, 8,3 млн. теңге болатын 3 өзге де нысандар мен 6,1 млн. теңге болатын 2 сауда нысаны, 3,7 млн. теңгенің 3 заңды тұлғаның үлесі және  60,0 млн. теңгенің құнды қағаздары бар. 1 147,5 млн. теңге болатын 43 нысан мен құнды қағаздар заңдастырылған.

«Бүгінгі таңда Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің есебі бойынша екінші деңгейлі банктердегі 25.02.2016 жағдай бойынша 344,3 млрд. теңгенің 409 қаржы заңдастыру есеп шоттары ашылған.  289,9 млрд.  теңге заңдастырылды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстанда заңдастыру науқаны 2016-шы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғасады.




Яндекс.Метрика