Ұлтаралық бірлік

Н.Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
Астана қаласы01 Наурыз , 11:57

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді еліміз алғаш рет бүгін атап өтіп отырған Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Биыл 14 қаңтарда мен бірінші наурызды Алғыс айту күні ретінде белгілеу туралы Жарлыққа қол қойғанмын. Бұл мейрамның терең мағынасы мен мәні бар.1 наурыз көктемнің бірінші күні, қыстан шыққан күн. 1 наурыз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ізгіліктің мерекесі Наурыз мейрамы атап өтілетін шуақты айдың басы. Бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күні де 1 наурызға тап келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, бұл күн – еліміздегі түрлі этностардың қиын-қыстау кезеңде қол ұшын беріп көмектескен, әлсіреп аш келген адамдарды аяғынан тік тұрғызған қазақ халқына алғыс айтатын күн.

«Қазақ халқына алғысын білдіріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне біз де өз алғысымызды айтамыз. Біз осындай ұлан-ғайыр жерді, осындай елді мирас қылып қалдырған ата-бабаларымызға бүгін алғысымызды айтамыз. Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін», - деді Президент.

Айта кетейік, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

 




Яндекс.Метрика