Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

ДСҰ - еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады – сарапшы

Қазақстанның Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруі – бұл еліміздің тынымсыз еңбек етуге ынтасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында еуразиялық интеграция институтындағы экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерішісі Владимир Тельнов айтты.
Астана қаласы01 Наурыз , 14:47

«Қазақстанның Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруі – бұл еліміздің тынымсыз еңбек етуге ынтасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. ДСҰ-ға қатысу арқылы Қазақстан ішкі маңызды экономикалық шешімдерді жүзеге асыра алады. Яғни, еңбек өнімділігін арттырып, шығындарын төмендете алады. Бұл мәселелер 5 институционалдық реформаның аясындағы Ұлт жоспары мен мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламаларында анық көрсетілген. Осы бағдарламаларды іске асыру барысында еліміз бәсекеге қабілеттілігін артырып, халқының жақсы тұрмыс кешуіне мүмкіндіктер туғыза алады»,-деп есептейді В.Тельнов.

Сарапшы атап өткендей, кәсіпкерлік арқылы халық кең әрі түрлі деңгейдегі нарыққа тауарларын шығара алады және қызметтер көрсете алатын болады. «

Яғни, экономикалық салада айтарлықтай мықты бәсекелік орта қалыптасқан. Бірінші кезекте, тоқыма, азық-түлік өндірісі, машина жасау, қаржы секторы, сақтандыру компаниялары сияқты салалардың тәжірибесі сыналады»,-деп болжады сарапшы.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика