Парламент

ОСК Мәжіліс сайлауына тағы 20 байқаушыны аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тағы 20 байқаушыны аккредиттеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 11:36

2016 жылғы 1 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша екі халықаралық ұйымнан және жеті шет мемлекеттен 20 байқаушыны аккредиттеді.

“Олардың ішінде: 2 байқаушы - ТМД Миссиясынан; 4 байқаушы - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясынан, 2 – Армения Республикасынан, 2 – Әзірбайжан Республикасынан, 2 – Грузиядан; 2- – Латвия Республикасынан; 2 – Малайзиядан; 2 – Ресей Федерациясынан және 2 - Эстония Республикасынан”, - деді ОСК мүшесі Т.Охлопкова.

Осылайша, 2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком екі халықаралық ұйымның Миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйымнан (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) және сегіз шет мемлекеттен 175 байқаушыны аккредиттеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша 26 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 112 өкілін аккредиттеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика