ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

2016 жылы қазақ тілін оқыту бойынша жаңа бағдарламаны мектептерге енгізу жоспарланған

Қазақ тілді мектептерге қазақ тілін оқыту бойынша жаңа бағдарламаны жаңа оқу жылында енгізу жоспарланған. Ол 2015-2016 оқу жылдарында тәжірибелік тәртіпте жұмыс істеп, Қазақстанның 41 мектебіне енгізілді. Бұл жөнінде Қазақстанда үш тілде оқытуды енгізудің халықаралық конференция аясында, педагогика ғылымдарының докторы, қазақ мектептерінде оқитын оқушыларға арналған оқулықтың авторы Фаузия Оразбаева айтып өтті.
Астана қаласы01 Наурыз , 11:52

«Біз 1-11 сыныптарға қазақ тілі бойынша  деңгейлік оқытуды дайындадық. Олар тек оқулықтан ғана тұрмай, оқу-әдістемелік кешенді де қоса алады: негізгі оқулық, мұғалім үшін кітап, дидактикалық материал, шағын лексика сөздігі мен жазу кітабы. Негізгі әдістемесі - коммуникативтік, когнитивтік оқыту. Ол тек сөйлеп қана қоймай, сонымен қатар өз ойынды жетік айтып, сауатты жазуға көмектеседі. Әрбір оқушыға қызықты болуы үшін деңгейлі оқытудың әрбір сыныптың психологиялық параметрлерімен ие болады»,-деді Ф. Оразбаева.

Оның айтуы бойынша, деңгейлі оқыту қазақстанның 41 мекетебіне енгізілген. 2015-2016 оқу жылынан бастап тәжірибелік жұмыстар атқарылуда. Жаңа оқулықтың авторлары - ғалымдар, әдіскерлер, теориялық және мектеп мұғалімдері. Егер тәжірмибені ойдағыдай өтсек, келесі қыркүйек айында бұл оқулықтар енгізілетін болады.

«1-11 сныптар арасындағы бұл кітаптар коммуникативтік сөздің дамуын қамтамасыз етеді. Грамматика аз, ол сөйлеп, жазуда пайдаланылады. Суреттерден және шығармашылық тапсырмалардан құралған. Мектептерде оқулықтарды енгізу оқушыларға, мұғалімдерге және ата аналарға қатысты. Менің ойымша, бұл оқулық ұтыс табады»,-деді ол.

Ф. Оразбаева жаңа оқулықтар шетел тілдерін оқытудың принциптеріне негізделген деп атып өтті. 




Яндекс.Метрика