Ұлттың денсаулығы

ҚР Қарулы Күштерінде XIII Спартакиадаға 14 команда қатысуда (ФОТО)

Щучье қаласынла Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің XIII Спартакиадасының қысқы кезеңі басталды. Сайысқа 14 команда қатысуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Ақмола 01 Наурыз, 20:27

Спартакиада шеңберінде спорттың бес түрі, яғни, гір екісайысы, армрестлинг, Президенттік көпсайыс (қысқы үшсайыс), шаңғы жарысы (патрульдердің жарысы) және шахмат бойынша чемпионаттар өткізілуде. Жарыстың екі күндік қорытындысы бойынша гір екісайысы, армрестлинг және шахмат бойынша чемпионаттың жалпы командалық есебінің алғашқы жеңімпаздары анықталды. Гір екісайысы бойынша чемпионатта «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері  бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты және үшінші орынды  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы еншіледі.

«Гір екісайысы «Армия гір спорты» (гір екісайысы бойынша чемпионатқа қатысушылар №4 далалық киім нысанында өнер көрсетті) пәнінің ережелері бойынша өткізілді.  Биылғы жылы Спартакиада шеңберінде тұңғыш рет гір екісайысы бойынша эстафета өткізілді. Әр командадан бес қатысушыға үш минут ішінде екі гірдің барынша көп жұлқи көтерілуін орындау қажет болды. Аталмыш эстафета Қарулы Күштер Спартакиадасының чемпионатынан тыс сынамалы форматта өткізілді», - деп гір екісайысы және армрестлингтен чемпионаттардың бас төрешісінің орынбасары, әлемнің сегіз дүркін чемпионы, гір спортынан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Виталий Диденко атап өтті.

Армрестлингтен чемпионатта «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері бірінші орынды, Аэроұтқыр әскерлері екінші орынды, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты үшінші орынды қанжығаларына байлады. Шахматтан чемпионатта 14776 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірінші орынды, Аэроұтқыр әскерлері екінші орынды, Құрлық әскерлерінің Әскери институты үшінші орынды иеленді. Осы жылы Қарулы Күштерінің Спартакиадасы шеңберінде чемпионат алғаш рет өткізілгенін айта кетейік. 


 

 





Яндекс.Метрика