Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстандықтарға құқықтық сауаттылықты арттырған жөн – сарапшы

Қазақстандықтарға құқықтық сауаттылықты арттырған жөн, деп ағынан жарылды ҚР Жоғарғы сотының әкімшілік және азаматтық сот ұжымын бақылау жөніндегі судьясы Амангелді Сәрсенбаев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 01 Наурыз, 11:36

« «Қазақстан-2050» Стратегиясы: тұрақталған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесіне баса назар аударылған, бұл жаһандық сот жүйесін жеңілдету бойынша үрдістің жүзеге асып жатқандығына байланысты қолға алынып жатыр. Бескезеңді жүйеден үшкезеңді үрдіске көшу азаматтардың сотқа деген қолжетімділігін арттырып, сот үрдісін жеңілдете түседі», - деді А.Сәрсенбаев.

«Азаматтар өздері сот процесіне салмақты қарау керек. Олар сотқа арыз тастайды және судя оны қашан шешіп береді деп күтіп отырады. Судья ол тәуелсіз және тараптардың біріне ерекше көңіл бөле алмайды, себебі қарсы тарап арыз түсіруі мүмкін»,- деп түсіндірді А.Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, судя өз кеңестерімен сот процесінде көмектесе алмайды.

«Судья тараптың біреуі көмек сұрап өтініш білдіргенде ғана көмектесе алады: сараптама тағайындау, кейбір құжаттарды талап етуде және куәгерді шақыруда. Бүгінде судья белсенді болуы үшін Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізілуде. Мен сот төрағалығы этикасы комиссиясында жұмыс істеймін, тәжірибе көрсетіп отырғандай судялардың үстінен түсірілетін шағымдардың көбі негізсіз»,- деді А.Сәрсенбаев.

Ботагөз Айтжанова

Сурет:sud.gov.kz





Дерекнама

Яндекс.Метрика