Мәдениетті жаңғырту

Белградта Жамбыл ескерткіші орнатылады

Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай ақынның Алматы облысындағы әдеби мұражайына 175 млн.теңгеге, Жамбыл ауылының орталық көшелеріне 111 млн.теңгеге күрделі жөндеу мен 175 млн. теңгеге жарықтандыру жұмыстары жасалды, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Алматы01 Наурыз , 11:19

Жамбыл орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізіліп, базасы нығайтылды. Алдағы уақытта Жамбыл ауылында «Өнер» мектебі және 140 орындық балабақша ашылмақ. Сонымен қатар ақын мерейтойына орай мамыр айында Сербияның астанасы Белград қаласында Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орнатылмақ. Бұл туралы Алматы облысы Жамбыл ауылында өткен 170 жылдық мерейтой аясында сөйлеген сөзінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Жалпы, Жамбыл ауылында өткен бұл шара 170 жылдық мерейлі тойдың негізгі шарасы. Осы күні «Қазақстан» ұлттық арнасы түсірген "Жамбыл" фильмінің көрсетілімі көрермендерге ұсынылды.

Еске салсақ, бұған дейін мерейтой шымылдығы Жазушылар одағында ашылып, "Әлемді жыры шарлаған" атты әдеби-сазды кешке ұласқан еді. Сондай-ақ, оқушылар мен студенттердің республикалық жас ақындар айтысы, "Ұлы дала жыршысы" атты xалықаралық ғылыми симпозиум өткен болатын.  

 

 




Яндекс.Метрика