Ұлтаралық бірлік

А. Пириев: Этностардың бір-біріне және қазақ xалқына алғыс айтуы – бұл тариxтың талабы

Этностардың бір-біріне және қазақ xалқына алғыс айтуы – бұл тариxтың талабы. Бұл жөнінде «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығының өкілі Аскер Пириев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 01 Наурыз, 11:04

«Этностардың бір-біріне және қазақ xалқына алғыс айтуы –  бұл тариxтың талабы. Саяси қуғын-сүргін, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын қыстау замандағы жағдай, бүгінгі бақытты да бейбіт өміріміздің бастамасы болатын-ды. Сол заманда Қазақ xалқының қолдауы, алыстан келгендермен біріге кешірген қара суық жылдарға тағзыммен құрмет ретінде бүгін бір-бірімізге «Алғыс» айту біздің боршымыз деп ойлаймын. Аталарымыздың қиындықта бас қосып, бір болып, бірліктің арқасында берекеге жеткені бүгінгі жас буынға үлгі болады, деген үміттеміз. Елбасының салиқалы саясатымен Тәулсіздіктің арқасында қол жеткізген осы құндылықтарды аялай білуіміз керек және келешек ұрпаққа аманаттап қалдыру біздің басты борышымыз болып есептеледі. Бұл мереке xалқымыздың ынтымағын одан да күшті ететініне және берекелі Қазақ елін Мәңгілік елге апарар жолда үлесі мол болатынына сенемін!»,-деп атап өтті Аскер Пириев.

Еске сала кетейік, бүгін, 1 наурыз Қазақстанда «Алғыс» айту күні. Жаңа мереке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болып есептеледі.





Дерекнама

Яндекс.Метрика