Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан «ЭВАК» жүйесін енгізеді (ФОТО)

Шұғыл жедел қызметтерге сигналдарды қамтамасыз ету бойынша спутниктік жүйелердің қолдану үрдістерін жөндеу және оларды өндірушілермен навигациялық жабдықпен толық сынақ жүргізуді мүмкіндік беретін сынақ зертханаларын жасау қажет. Осы және басқа да мәселелер ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің және «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.
Астана қаласы01 Наурыз , 10:34

«ЭВАК» шұғыл жедел қызметтерді шақыру жабдықтарын өндіру жеткіліксіз. Құрылғының өзі жүйесіз жұмыс жасай алмайды, сондықтан ұқсас шұғыл шақыру жүйелерімен біріге алатын және Кеден одағына мүше-мемлекеттер шекарасында адамдар, жүктер, көлік және инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ететін пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу маңызды», - деп атап өтті «ҚазСтИн» РМК Бас директорының бірінші орынбасары – Техникалық хатшылықтың басшысы Хайрат Кәрібжанов.

 Сондай-ақ, навигациялық аспаптарға толық сынақ жүргізуге мүмкіндік беретін сынақ зертханалар туралы сұраққа жауап бергенде, техникалық регламент талаптарына сәйкестігі үшін өнімдерге сынақтар және зерттеулер жүргізу тек Қазақстанның нарық субъектілерімен ғана емес, сондай-ақ, Кеден одағының сертификаттау және сынақ зертханалары (орталықтар) бойынша органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мүше-мемлекеттерімен жүзеге асырылатынын белгіледі (www.eurasiancommission.org және www.nca.kz)

ЭВАК – апаттар кезінде шақыруды, автокөлік жолдарында болатын жол-көліктік және басқа да оқиғалар кезінде жедел кызметтерді шақыруды қамтамасыз ететін Кеден одағынының шеңберіндегі спутниктік жоба.

«ЭВАК» құрылғысының көлік құралдарындағы жиынтық нормасы 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 018/2011 Кеден одағының техникалық регламентінде жазылған. Жолаушыларды коммерциялық  тасымалдауға, сондай-ақ балаларды тасымалдауға арналған арнайы  М санатты көлік құралдары және қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар тасымалдауға (қоқыс тасушы), арнайы, қауіпті, ауыр жүкті  және ірі габаритті жүктерді тасымалдауға арналған N санатты көлік құралдары, сондай-ақ жедел қызметтің көлік құралдары спутниктік навигация құрылғысымен жабдықтауға жатады.




Яндекс.Метрика