Ұлтаралық бірлік

Н.Гулиева: Жаңа мерекенің Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күнімен тура келуі аса маңызды

Менің ойымша, Көшбасшының Алғыс күнінің құру туралы бастамасы өте өзекті болып табылады. Ол 1 мамыр айында атап өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін толықтыратын болады. Екі мереке де көктем айымен қатар келуде. Бұл жөнінде Астана қ. «Хазар» әзірбайжан этно-мәдени орталығының мүшесі, әнші Нейла Гулиева Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 01 Наурыз, 09:43

«Бүгін біз алғаш рет осы мейрамды тойлаудамыз. Елбасының Алғыс күнінің құру туралы бастамасы өте өзекті болып табылады. Ол 1 мамыр айында атап өтетін  Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін толықтыратын болады. Екі мереке де көктем айымен қатар келуде. Жаңа мерекенің  Қазақстан халқы Ассамблесясының туған күнімен тура келуі аса маңызды. Көпұлтты қоғамның бірлігі тұрақты даму шарттарының бірі.  Осындай саясатты мемлекет басшысы жүргізуде. Бізде бар бейбіт өмір, ұлтаралық келісім, экономикалық даму – Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында болып жатыр. Айта кетейік, менің отбасымды Қазақстан халқы Ассамблеясының шағын отбасысы деуге болады. Менің әкем әзірбайжан, анам орыс, ал жұбайым қазақ. Мен үшін Қазақстанда ұлтаралық қақығыстардың болмауы өте маңызды. Бұл өз кезегінде мерейлі елде өмір сұруге септігін тигізеді. Осылайша, біз үшін 1 наурыз отбасылық мереке болмақ. Сонымен қатар, менде басқа да этникалық және мәдени орталықтарынан достарым көп. Олардың ішінде орыстар, кәрістер, татарлар, башқұрттар, украиндықтар, тәджіктер және басқа да этностардың өкілдері бар. Барлығымыз бірігіп қазақстандық боламыз!»,-деді Н.Гулиева.

Естерінізге сала кетейік, Бүгін Қазақстан алғаш рет Алғыс күнін тойлауда. Ұлт көшбасшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1 наурыз айында Алғыз күні мерекесін тойлау туралы ұсыныс білдірді.

Фото: Азамат Алиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика