Өңірлер

ОҚО шаруаларына 38 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика министрлігі бірлесіп ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін арзандатылған жанар-жағар май (әрі қарай - ЖЖМ) көлемі мен операторларды анықтады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан01 Наурыз , 10:02

Біздің өңірге 38 мың тонна ЖЖМ көлемі бөлінді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ЖЖМ бағасы 1 литріне 85 теңгені құрады. 2016 жылдың 1 наурызынан бастап операторлар арасында келісім-шартқа қол қою рәсімі жасалады.

Осылайша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арзандатылған ЖЖМ-ды 2016 жылдың 3 наурызынан бастап алатын болады.




Яндекс.Метрика