Халықаралық интеграция

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі британ Парламентінің депутаттарына брифинг өткізді

Лондонда Ұлыбританиядағы Қазақстанның елшісі Ержан Қазыханов британ Парламентінің депутаттарына брифинг өткізді, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде01 Наурыз , 09:28

Қазақстан бойынша барлық партиялық топтың мүшелері болып табылатын британдық парламентшілердің алдында сөйлеген Е.Қазыханов осы жылы біздің еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтейін деп жатқандығын айтты. Осындай аз уақыт ішінде еліміз ішкі және сыртқы жақтан үлкен жетістіктерге жетті. Еуразия аймағының локомотивті экономикалық дамушысы болды. Бүгін Қазақстан – әлемдік аренадағы беделді ойыншы. Біздің еліміз ірі көлемді ЭКСПО-2017 әлемдік көрмесін, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін іске асыруда. Қазақстан 2017-2018 жж БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне талаптануда.

Ұлыбриатния Парламентіне кездесу барысында Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы мен ҚР Президентінің Ұлт жоспары «5 институционалды реформаны іске асырудағы 100 нақты қадамын» іске асыру жолдары хабарландырылды. Британдық депутаттарға Қазақстанда 20 наурызда болатын мерзімінен бұрын сайлау туралы да айтылып өтті»,-деп хабарландыруда айтылған.

Е.Қазыханов Қазақстан мен Ұлыбритания Стратегиялық серіктестік туралы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті деп атап өтті. Оған Лондонға ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ресми сапары өз септігін тигізді және ол екі жақты қарым-қатынасқа үлкен серпіліс берді. Сапар барысында 13 млрд АҚШ доллары көлеміндегі оннан астам құжаттарға қол қойылды, сонымен қатар мемлекеттік қызмет және халықаралық «Астана» қаржы орталығын құру бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы бірнеше келіссөздер жасалды.

Қорытындылай келе Е.Қазыханов топ төрағасы Г. Стюартқа Қазақстан Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың  барлық партия парламенттік тобының мүшелерін Қазақстанға келу туралы шақыртуын ұсынды.

Өз кезегінде британ Парламентінің депутаттары ҚР Президенті Н.Назарбаевпен Қазақстанда жүргізілліп жатқан реформаға жоғары баға берді.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстан бойынша барлық партиялық парламенттік топ Ұлыбритания Парламентінде 2015 жылдың 12 қазан айында құрылды. Ол екі ел арасындағы парламентаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі. Топ төрағасы лейборист Г. Стюарт болып табылады.

 




Яндекс.Метрика