Ұлтаралық бірлік

Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтеді

Жаңа мереке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.
Астана қаласы01 Наурыз , 09:11

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл ҚХА жылы болып жарияланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Конституцияның 20 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша Үкімет қаулысымен Ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді.1995 жылғы 1 наурызда жаңа институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

 




Яндекс.Метрика