Адами капитал

ӘШҚ қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері төтенше жағдайлар туындайтын кездегі іс-қимылдарды пысықтады

97617 әскери бөлімінің қолбасшылығы Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полициясы жасағының қызметкерлерімен бірлесіп диверсияға қарсы қорғаныс бойынша практикалық көрсетілімді сабақтарды өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 01 Наурыз, 08:56

Оқу-жаттығуға Алматы гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері мен штаб бастықтары, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары қатысты. Өткізілген іс-шараның мақсаты жеке құрамның күзетілетін нысандарда қауіп-қатердің туындауын алдын алу мәселелерінде бірыңғай ұғыну және іс-қимыл алгоритмін пысықтау болып табылады.

«Біз төтенше жағдайлар туындаған кезде арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-әрекет ететін күштердің ұйымдастырылуы мен іс жүзінде орындалуын көрсеткіміз келді», - деп 97617 әскери бөлімі әскерлер қызметі бөлімінің бастығы подполковник Виктор Сидоренко атап өтті.  

Оқу-жаттығуды 97617 әскери бөлімінің командирі  подполковник Бақытжан Дүйсебеков пен осы бөлімнің штаб бастығы  майор Алтынбек Исақанов өткізді. Оқу-жаттығу кезінде кіреберіс жолдарды, әскери нысандардың өлшемін немесе әскери бөлімді қаруланбаған адамдармен бұғаттау кезінде әскери бөлім командирлерінің, тәуліктік нарядтағы лауазымды адамдар мен әскери бөлім жеке құрамының практикалық іс-қимылдарын көрсеттік. Оқу-жаттығуға қызметтік иттермен бірге кинологиялық қызметтің қызметкерлері және жедел ден қою тобы тартылды.


 

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика