Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

А. Пупар-Лафарж: ЭҚЗ Alstom ортақ жүйесін енгізуді жоспарлауда (ВИДЕО)

«Электровоз Құрастыру Зауыты» Alstom ортақ жүйесін енгізуді жоспарлауда,, деді Alstom төрағасы мен бас директоры Пупар-Лафарж өндірістегі баспасөз турында.
Астана қаласы 29 Ақпан, 19:43

«Бүгінде зауыт аз уақыт ішінде көрсеткіштерін жақсартты. Нәтиже өте жоғары. Зауытта 400 қызметкер жұмыс істейді. Олар Қазақстан мен экспорт үшін өнім шығарып отыр. Бұл зауыттың мақсаты локальді өндірістен технология мен өндірісті дамытуға бағытталған», - деді А. Пупар-Лафарж.

«Электровоз құрастыру зауыты» Alstom ортақ жүйесін енгізуге мүдделі.

«Біз үшін басты мақсат – өнімді жергіліктендіру. Біз 25 пайыздан 50 пайыздық жергіліктендіруге көуды ойластырып отырмыз», - деді А Пупар-Лафарж.

Жүк және жолаушылар электровозын өндіруші  зауыт Alstom Transport француз компаниясының технологиясы бойынша салынды, ол 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Кәсіпорын «Астана – жаңа қала» экономикалық аймағында орналасқан.

Аталмыш жоба негізінде «Қазақстан темір жолы» мен «Alstom» француз компаниясы арасындағы серіктестік жатыр.

Аталмыш жобаның маңызды бөлігі өнімді жергіліктендіру болып табылады. Кедендік одақ аясында өндірілетін өнім топтамасын жүзеге асыру, 2020 жылға таман жергіліктендіру деңгейін 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Ботагөз Айтжанова

 

 





Яндекс.Метрика