Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР Бірінші вице-премьері мен ТМЫК Бас хатшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту туралы келіссөздер жүргізді

Астанада ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің (ТМЫК) Бас хатшысы Рамиль Гасановпен келіссөздер жүргізді, деп primeminister.kz. хабарлайды.
Астана қаласы29 Ақпан , 18:31

Кездесу барысында мәдени алмасуды нығайту, білім, туризм саласындағы байланыстарды дамытуды қоса алғанда көп жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев пен Рамиль Гасанов ТМЫК-не қатысушы елдердің транзиттік әлеуетін, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы одан әрі дамытудың маңыздылығын баса айтты.

Қазіргі уақытта Түркі кеңесінің қамқорлығымен халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы Келісім талқылануда, оның мақсаты Каспий теңізі арқылы жүкті құрамдастырылған тасымалдау нұсқасының тиімділігін арттыру және Қытай-Еуропа бағытында транзитті арттыру болып табылады.   

ТМЫК құру туралы Келісімге 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыван қаласында (Әзірбайжан Республикасы) Түркі тілдес мемлекеттер Басшыларының 9-шы Саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қол қойылды.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Түркі кеңесінде төрағалық етеді. ТМЫК Хатшылығының штаб-пәтері Ыстамбұл қаласында орналасқан. 

 




Яндекс.Метрика