Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Сербия ынтымақтастығының перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Сербия Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары –Сауда, туризм және телекоммуникациялар министрі Расим Ляичпен кездесу өткізді
Астана қаласы 29 Ақпан, 18:14

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Ерболат Досаев Сербия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі болып табылатынын атап өтті. Алайда министрдің пікірі бойынша өзара сауда туралы деректер ынтымақтастықтың әлеуетіне сәйкес келмейді. Елдер арасындағы тауар айналымы 2015 жылы 55,9 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артық. Қазақстаннан Сербияға экспорт 2015 жылы – 27,5 млн. АҚШ долл., импорты – 28,4 млн. АҚШ долл. құрайды.

Өз кезегінде Премьер-Министр орынбасары - Сауда, туризм және телекоммуникациялар министрі Қазақстан мен Сербияның  өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қызығушылығын танытты.

Тараптар  ауыл шаруашылығы, фармацевтика, ақпараттық технологиялар және туризм саласында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екендігін атап өтті.

Кездесу соңында Ерболат Досаев серб делегациясына «Астана-ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатыны үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ Астанада ағымдағы жылғы 25-26 мамырда Астанада өтетін IX Астана Экономикалық Форумына қатысуға шақырды. 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика