Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесі салалық комиссия төрағаларын сайлады

Астанада ҚР ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың қатысуымен ҚР АШМ Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы болды. Жиналыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы, сондай-ақ салалық комиссия жетекшілері сайланды.
Астана қаласы29 Ақпан , 17:29

Қоғамдық кеңестің төрағасы болып «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің» Қоғамдық бірлестігінің басшысы Михаил Трошихин сайланды.

Қоғамдық кеңестің хатшысы қызметіне Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы ғылыми және адами ресурстар департаментінің директорының м.а. Степан Лепешко сайланды.

Кездесуге сондай-ақ Қоғамдық кеңестің 6-салалық комиссиялардың төрағалары сайланды.

«Алты блок бойынша алты комиссия құру ұсынылуда және олар қоғамдық бағылау жасауға, түрлі қоғамдық топтарды құруға құқылы.Егер керек болған жағдайда Қоғамдық кеңес жаңа комиссияны құра алады. Осылайша Қоғамдық кеңестің жұмысына көпсалалы қауымдастықтар мен ассоциацияны қоса аламыз»,-деді ҚР АШМ жауапты хатшысы, Қоғамдық кеңестің мүшесі  Арман Евниев.

Осылайша, салалық комиссиялар төрағаларына сайланғандар:

Өсімдіктану ғылымы - Евгений Аман,

Мал шаруашылығы – Ибрагим Жангуразов,

Су ресурстары, орман және жануарлар дүниесі – Сергей Терещенко,

АӨК кадрлық әлеуетінің ауыл шаруашылығы, білім беру, ғылым, өндіріс және дамуы – Ғани Калиев,

Бюджеттік қызмет – Рустем Құрманов,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – Жақсылык Үшкемпіров.




Яндекс.Метрика