Парламент

Сенатта жолаушылар көлігін субсидиялау механизмін жетілдіру жөніндегі заң жобасын қаралды

ҚР Парламент Сенаты комитетінің экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік бойынша кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы қарастырылды.
Астана қаласы29 Ақпан , 17:21

«Заң жобасы негізгі үш міндетті қарастырады. Бірінші – жолаушыларды тасымалдауда механизмді субсидиалауды жетілдіру. Бұл бағытта біз шығындарды субсидиялау тетігінен алшақтап, шығындарды субсидиялау механизіміне көшеміз. Екінші міндет – жолаушылар тасымалы көлігінің инвестициялық тартымдылығын арттыру. Біз субсидиялау жұмыстары 10-15 жылдық ұзақ мерзімді негізде жүргізілетін болады деп қарастырудамыз. Бұл қарыз құралдарды тартуға септігін тигізеді. Осылайша, жолаушылар тасымалын өтетін инвестор 15 жыл ішінде ұзақ мерзімді субсидия арқылы өз ақшасын өтей алады. Үшіншіден, бағаны реттеу жақсарту болып табылады. Бүгіндері бағаны реттеу антимонополды комитетке жатады, ал реттеу мен субсидиялау инвестиция және даму министрлігіне жатады. Біз Инвестициялар және даму министрлігінің атынан бір мемлекеттік органды анықтаудамыз және олар тасымалдау көлемін, субсидяилау мен бағалы реттеуді реттейді»,-деп  ҚР инвестияциялар және даму министрлігінің темір жол көлігі басқару комитетінің басшысы Нұрбек Қабижан айтып өтті.

«Бұрындары субсидия тасымалдаушы зардап алғанда жүрді. Ол қосылған құн қызметтер арқылы табысты ұлғайту үшін қосымша шығындарға тасымалдаушыларды ынталандыру емес. Әзірше бұл заң жобасы қабылданған жоқ, жолаушылар көлігі бағасының өзгерістерін монополияға қарсы комитет реттейді»,-деді ол.

Заң жобасы Сенаттың жалпы отырысында ұсынылды

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика