Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев: Қазақстан британдық Парламентпен өзара тығыз іс қимылды дамытуға мүдделі

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев Астанада іс сапармен жүрген Ұлыбритания Парламенті палатасының лорды П.Скотландты қабылдады.
Астана қаласы29 Ақпан , 17:26

Кезедесу барысында Қ.Тоқаев П.Скотландты осы жылдың сәуір айында тағайындалатын Ұлттар достығы бас хатшылығына келуімен құттықтады, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қткен жылдың қараша айында Лондонға жасаған ресми сапарының нәтижесінде Қазақстан мен Ұлыбританияның келісімі бекітіліп, екі елдің стратегиялық серіктестігіне қол жеткізілгенін атап өтті. Сенат төрағасы Қазақстан Парламенті мен британдық Парламентпен өзара тығыз іс қимылды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

П. Скотланд Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы даму қарқынын жоғары бағалады.

«Біз күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ, Президент Н.Назарбаев ұлтты топтастырып, реформаларды жалғастырып келеді. Әсіресе Қазақстанда қылмыстық және азаматтық әділсот жүйесі саласында үлкен жұмыстар атқарылғанын ерекше атап өту керек»,-деді П. Скотланд.

Жетекші халықаралық институттар ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін әлеуметтік капиталға инвестиция қажет етіледі, деп есептейді. Бұл бағыт бойынша Қазақстан дұрыс қадамдарды іске асырды, деп атап өтті ол. 




Яндекс.Метрика