Халықаралық интеграция

К. Мәсімов Сербия Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті

Үкімет Үйінде Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Сербияның Премьер-Министрінің орынбасары – сауда, туризм және телекоммуникация министрі Расим Ляичпен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Астана қаласы29 Ақпан , 17:09

Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің өзара сауда-экономикалық іс-қимылының өзекті мәселелерін, көліктік-транзиттік саладағы, құрылыстағы, ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында К.Мәсімов пен Р.Ляич Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделіліктерін білдірді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика