Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астана-Щучинск ақылы автожолында «Мобильді Кассир» қызметі енгізілді

«ҚазАвтоЖол» компаниясы ақылы жолдарда жүру үшін төлеудің жаңа нысанын енгізеді - «Мобильді Кассир» қызметтерін пайдалана отырып, автокөлік құралдарының баланс есебін толтыру.
Ақмола29 Ақпан , 20:06

Компанияда хабарлағандай, бүгінгі күннен бастап төлемақыны төлету бекетіндегі операторлар мобильді кассамен жабдықталған кассалы аппараттарда жүргізушілерден жол жүруге ақына алатын болады.

Көлік құралдарын төлегеннен кейін тоқтаусыз жүретін арнайы жолақтарға бағытталады.

Операторлар пайдаланушыға осы қызметтің барлық артықшылықтарын түсіндіреді.

Естерінізге сала кетейік, өткен жылдан бастап ақылы автожолдарда «Cash 24» және «QIWI» төлем терминалдары арқылы жарамды алдын-ала төлем жүйесі бар.  




Яндекс.Метрика