Инвестициялар

А. Ағыбаев: «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы 56 жобаны қаржыландырды

Барлық кезеңде қордың қызметі ККМ-нің қатысуымен 56 жобаны қаржыландырды, ол 1 млрд 83 млн АҚШ долларын құрады, деп «Казына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы Алмас Ағыбаев ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.
Астана қаласы29 Ақпан , 15:56

«Егер жалпы ККМ рөлін айтатын болсақ, қордың қызметі ККМ-нің қатысуымен 56 жобаны қаржыландырды, ол 1 млрд 83 млн АҚШ долларын құрады. Бұған қоса шеттегі инвесторлардан қор арқылы біздің қатысумен 847 млна АҚШ доллары жұмылдырылды»,-деді ол.

Осылайша, Холдингтің келуімен, алғашқы акционер ретінде, ККМ-нің келесі қорын құру жолы экономиканың басым секторларына бағытталған. Атап айтқанда инфрақұрылым, энергетика, азық-түлік өнеркәсібі және басқалар.

«Осылайша, соңғы жылдары Қазақстандық инфрақұрылым қоры, Baiterek Venture Fund, Almex – Baiterek Fund атты қорлар іске қосылды және олар ККМ-ге жалпы соммасы 42 млрд теңгемен қатысты. Жалпы стратегиялық портфельдегі осы қаражаттың үлесі төрттен (27%) артық құрады. Сонынмен қатар, Қазақстанның инфрақұрылымдлық қорында ірі аймақтық ойыншы болуға мүмкіндігі бар. Осы мақсатты іске асыру үшін инвесторларды қарату үшін жұмыстар атқаратын боламыз. Baiterek Venture Fund – біздің 100%-дық еншіліс ұйымымыз және оның жалпы капиталандыруы 12,7 млрд теңгені құрайды. Қор 2014 жылдың екінші жартысында құрылды және бір жылдаға жетпес мерзім ішінде 7 млрд теңге 6 жоба бойынша, нақты айта кеткенде тоқыма және химия өнеркәсі, энергетика мен көлік құрастыруға салынды»,-деді А.Ағыбаев.

«2015 жылы Kazakhstan Growth Fund инвестициялық қоры KAZGRAIN компаниялар тобына жалпы көлеміндегі 3 миллиардтан астам теңге мақұлдады. Қаржыландыру қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға, экспорттың әлеуетін іске асыру мақсатында өнімдердің ауқымын кеңейтуге бағытталатын болады»,-деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика