Инвестициялар

ҚКМ 2015 жылы өзінің еншілес қорларын 27 млрд. теңгемен инвестициялады

«Бәйтерек ҰХ» 100% еншілес ұйым болып есептелетін «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ы 2015 жылы өздерінің еншілес қорларын 27 млрд. теңгемен инвестициялаған. Бұл туралы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ң басқарма төрағасы Алмас Ағыбаев ОКҚ өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы29 Ақпан , 15:41

«Біз қорлардың қоры ретінде дамудың жаңа сатысындамыз. Біздің алғашқы қорларымыз енді ғана инвестициялану кезеңін аяқтауда. Біздің компания Холдингтің басқаруымен соңғы жылдары ғана қор қаржысын игеру жылдамдығын арттырды. 2015 жылы ҚКМ инвестициялау қоры 27 млрд. теңгені құрады. 2007 жылдан бері балама ретінде 103,5млн. АҚШ доллары, яғни, ҚКМ-ң қызмет атқарған кезеңдерінің барлық инвестицияның 35 пайызын құрады»,-деп хабарлады А.Ағыбаев.

Оның айтуынша, бұл инвестициялардың басым көпшілігі қазақстандық жобалық компанияларға тиесілі болды. Барлығы 12 жоба инвестицияланды, оның 10-ы Қазақстанда. Бұл қазақстандық жобаларды инвестициялау көлемін 65%-дан асыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2007 жылдың мамыр айында құрылған «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қорлардың қоры ҚР Президентінің бастамасымен жүзеге асқан болатын. ҚКМ-ң негізгі қызметі – жергілікті қорларды құру үшін шетелдік инвестицияларды тарту. Яғни, экономикалық секторды дамыту мақсатында жұмыс жүргізеді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика