Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Пәкістан инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Инвестициялар саласындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі, атап айтқанда инвестицияларды қолдау және көтермелеу туралы мәселелер Астанада ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рахим Ошақбаев пен Пәкістан Ислам Республикасының мұнай және табиғи ресурстар министрі Жан Камал Ханныңкездесуінде талқыланды.
Астана қаласы29 Ақпан , 18:49

ҚР ИДМ хабарлағандай, Рахим Ошақбаев Қазақстанда қолайлы бизнес климат үшін қажетті құқықтық жағдай жасалғанын атап өтті және Пәкістандық компанияларды ынтымақтастыққа шақырды. Сондай-ақ келесі жылы ЭКСПО-2017 аумағында халықаралық қаржы орталығын құру жоспарланғанын айтты.

Өз кезегінде Джам Камал Хан биыл мамыр айында Алматы және Астана қалаларында жоспарланған Пәкістанның бизнес өкілдерінің сауда миссиясы туралы хабарлады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика