Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазғарыш 26 ғылыми жобаның жүзеге асуын қамтамасыз ету бойынша келісім орнатты

Қазғарышта «Ғарыш қызметі, көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» – ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша шарттарға қол қойылды, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Казахстан29 Ақпан , 16:37

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш), «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, («ҰҒЗТО» АҚ) және «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК арасында «Ғарыш қызметі, көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау жөніндегі шарттарға қол қойылған болатын.

Жоғарыда аталған бағдарламаның шеңберінде алты бағыт бойынша 26 ғылыми жобаның жүзеге асуы қамтамасыз етілетін болады, атап айтқанда:Қазақстан аймақтарының жерүсті-ғарыштық геодинамикалық мониторинг технологияларын дамыту;Қашықтықтан зондтау негізінде атмосфераны және жер бетін зерттеу әдістері мен технологияларын дамыту;Ғарыш техникасының материалдарын, құралдарын, құрауыштарын, аппараттық-бағдарламалық қаражаттарын және кіші жүйесін әзірлеу;Ақпараттық технологияларды пайдаланып, алыс ғарыш объектілерін зерттеу әдістерін дамыту;Ақпараттық технологияларды пайдаланып, жақын ғарышты зерттеу әдістерін дамыту;Ғарыш-зымыран қызметінің экологиялық тәуекелдеріне баға беру жүйесі мен оның қоршаған орта мен халықтың денсаулығына тигізетін жағымсыз әсерін барынша азайту әдістерін дамыту.

Бұдан басқа, 2016 жылғы 26 ақпанда Қазғарыш пен «ҰҒЗТО» АҚ арасында мемлекеттік сатып алулар конкурсы нәтижелері бойынша «Ғарыш қызметі саласында кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында келісімге қол қойылды.

Осы құжаттың шеңберінде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мынадай тақырыптар бойынша семинарлар өткізілетін болады: Геостационарлық спутниктік байланысты басқарудың қазіргі заманғы технологиялары. Байланыс спутнигін басқару жүйесі. Құрастыру құрамы, ерекшеліктері, функционалдаудың негізгі алгоритмдері;Радиоэлектрондық бұйымдарды жобалау кезіндегі «Altium Designer» техникалық және технологиялық мүмкіндіктері;Жерді қашықтықтан зондтау микротолқынды деректерін дешифрлау (өңдеу) негіздері.Зымыран-ғарыш қызметіндегі экологиялық бақылауды ұйымдастыру.

Семинарлар Ресей, Украина және басқа да алыс-жақын шетел оқытушыларының қатысуымен аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелер, тренингтер) нысанында оқыту сабақтары түрінде ұйымдастырылатын болады.

 




Яндекс.Метрика