Ұлттың денсаулығы

Астанада ҚР-дағы ЦСА бойынша ерте диагноз қою және әлеуметтік қабылдау мәселелері талқыланды (ФОТО)

Астанада «ЦСА: ерте диагноз қою және әлеуметтік қабылдау» атты дөңгелек үстелдің отырысы өтті.
Астана қаласы 29 Ақпан, 17:42

Дөңгелек үстел «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен өтеді.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, елде церебралды сал ауруына (ЦСА) шалдыққан балалар саны жыл сайын өсуде. 2010-шы жылмен салыстырғанда ауруға шалдыққандардың саны 6,9%-ға көбейді. Денсаулық сақтау Министрлігінің берген ақпаратына сенетін болсақ, аталмыш дертке шалдыққандар санының өсу себебі, салмағы 1келіден аз, уақытына жетпей туылған нәрестелердің аман қалуымен байланысты.

Бірақ, ЦСА ауруына шалдыққан балалардың мәселесімен айналысатын біраз мамандар бұл ақпаратпен келіспейді. Сонымен қатар, арнайы стационарлар мен сауықтыру орталықтарының тапшылығы, білікті мамандардардың жетіспеуі және тағы басқа көптеген проблемалар өз шешімін таппай, мазалауда.

Осыған орай, дөңгелек үстел барысында, алдын-ала функционалды диагностика және сауықтыру үдерісі арқылы, жас нәрестелердің ЦСА дертіне шалдығу мүмкіндіктерін алдын алу мәселелері қарастырылды.

Аталмыш шараға машықтанушы дәрігерлер, ем қабылдаушылар, зерттеу жұмысымен айналысатын дәрігерлер, сауықтыру орталықтарының, ММ “Астана қаласының ішкі істер басқармасының” және ММ “Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының” өкілдері шақырылған.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының жолдауымен, жергілікті мемлекет ұйымдарына ұсыныс қағазы жіберілетін болады.

Дөңгелек үстел «I-Azamat» жобасының аясында өтеді. Жобаның мақсаты халық арасында мемелекеттік қызмет көрсету тиімділігін бағалауға бағытталған сыншыл тәсілін құру болып табылады. Сапасы төмен мемлекеттік қызмет көрсету және сапасыз әлеуметтік игіліктерді ұсыну проблемаларын анықтап, оны шешуге жәрдемдесетін ақпаратпен қамтамасыз ету.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика