Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанның армиясы отандық өндірістің мобильді байланыс құралдарымен жабдықталды

2015 жылы «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-тың отандық кәсіпорны Қазақстанның Қарулы Күштеріне 40-тан аса заманауи мобильді байланыс құралдарын жеткізіп берді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 29 Ақпан, 20:27

Техника байланыс әскерлерінің тапсырмаларын іске асыру үшін арналған.

 «Кәсіпорнымыз республикамыздың Қарулы Күштерінің жарақтандыруында тұрған байланыс жүйелерін жаңғыртумен айналысады. Баламалы ұқсас базаны біз сандық элементтік базаға көшіреміз. Бұл мобильді қашықтық байланыс кешендері, КАМАЗ-дардың шассиіне арналған реттегіш станциялары, көкжиектен тыс орналасқан станциялар немесе тропосфералық байланыс және тағы басқа», - деді «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-тың бас директоры Марат Әбілмәжінов.

2011 жылдан бастап соңғы 5 жыл ішінде зауыт – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны еліміздің Қарулы Күштері үшін 100-ден аса мобильді байланыс құралдарын жасап шығарғанын айта кетейік. Жылына кәсіпорынның аталмыш станциялардың 50-80 данасын жеткізуге мүмкіндігі бар.

Жалпы алғанда, «С.М. Киров атындағы зауыт» еліміздің Қарулы Күштеріне бірқатар бірегей байланыс станцияларын ұсына алады. Жабдық қысқа толқынды арналар арқылы деректерді, мәтіндік, факсимильді, телеграфтық және сөздік хабарламаларды тарату үшін автоматтандырылған техникалық құралдар кешенінен құралған.

Отандық кәсіпорынның өніміне сонымен қатар қысқа толқынды радиобайланыс жүйелерінде баламалы және дискретті үлгіде ақпаратты тарату, қабылдауға арналған стационарлық радиобайланыс жабдығы және жоғары өтімді қабілеттілікті, санды қызметтік байланысты, ғаламтор желісі арқылы сандық лектерді таратуды қамтамасыз ететін стационарлық санды радиореттегіш станциясы кіреді. Сондай-ақ зауыт цехтарында Р-414 көп арналы радиореттегіш станциялардың модельдерін, П-240 ТМ аппараттары мен тропосфералық станцияларды жаңғырту жүргізіледі.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика