Үкімет

Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы өкілімен жүзеге асырылып жатқан ортақ жобаларды талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банктің жақында тағайындалған Қазақстандағы Тұрақты өкілі Ато Браунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Астана қаласы29 Ақпан , 13:29

Тараптар Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобаларды, сондай-ақ еліміздің «Doing Business» рейтингісіндегі позициясын жақсартуға арналған реформаларды талқылады.

Бақытжан Сағынтаев келіссөздер барысында Қазақстанды Дүниежүзілік банктің «Enabling the Business of Agriculture» («Агробизнесті дамыту») есебіне қосуды ұсынды.

Зерттеу қорытындылары Үкіметке талдау жүргізуге және ауыл шаруашылығындағы бизнес жүргізуге әкімшілік кедергілерді қысқартуға, тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары негізінде шет елдердің табысты тәжірибесін ескере отырып, АӨК-ді дамытудың қолданыстағы бағдарламаларына өзгерістер енгізуге, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталатын бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бұл орталық және жергілікті атқарушы органдардың өңірлердегі отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау бойынша жұмысына баға беруге мүмкіндік береді.

«Enabling the Business of Agriculture» алғашқы есебі 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланды. Онда 40 елдегі 10 тақырыптық бағыт бойынша реттеуші тетіктер талданған.

 




Яндекс.Метрика