Білім беру

ШҚО-ның медицина қызметкерлері Еуропалық медициналық орталықтардың негізінде оқитын болады

Германия, Автрия, Испанияда университеттерінде 6 ай ішінде дәрігерлердің оқуы мен тәжірибе алуына 340 млн теңге қаражат бөлінді, деп ШҚО-ның ақпарат орталығы хабарлайды.
Шығыс Қазақстан01 Наурыз , 08:37

Облыста диагностикалық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу мамандықтарын даярлайды: қатерлі ісік, түберкүлез, жүрек ауруы.

2015 жылы біліктілікті арттыру курстарын  3 723 маман өтті. Олардың ішінде ерте қатерлі ісіктерді анықтау бойынша 500-ден астам маман, түберкүлезден 1500, оқытылған өткір коронарлық синдроммен науқастардың тактикасы бойынша 225 дәрігер және 310 орташа медициналық қызметкерлер.

«Маңызды мақсат – тұрақты шаманы дамыту. Бізде жақсы білім беріледі. Қазіргі күні біздің дәрігерлер ағылшын тілін оқуда. Содан кейін олар жарты жылға шетелге оқуға барады. Қазір біздерге басты сала қатерлі ісік пен балалар ауруы болып табылады. Ары қарай дамытатын боламыз. Содан кейін осы мамандықтар жаңа білімдерімен қайта келеді. Дәрігердлердің жетіспеушілігі болмауы тиіс»,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

ШҚО озық жабдықтармен жабдықталған денсаулық сақтау мекемелеріне сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етілуде. 2015 жылы 1 300 шығыс қазақстандықтар ауруханаларында жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды. Сонымен қатар, ашық жүректе 340 ота жасалды.

Шығыс Қазақстан қазірдің өзінде 2015 жылы пайдалануға берілген 10 денсаулық сақтау нысандарында денсаулықтарын қарастыруда. Ол облыстық қан орталығы, Өскемен қаласындағы оңалту орталығы, Семей қаласындағы төтенше және алғашқы көмек көрсету станциясы, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория.

Облыс әкімінің сөзінше, арнайы клиникалардың құрылысын міндетті түрде бастау керек. Мысалы, елімізде лейкозды емдеу үшін ешқандай денсаулық сақтаудың бiрыңғай мекемесі жоқ.

«Облыста клиниканы құру үшін жоба жасалуда және олар еурапаның медициналық стандартына 100 пайыз жауап береді. Бізге медициналық кластерлерді жасау керек»,-деді Д.Ахметов.

Айта кететін жайт, «Жанару» бастамасы аясында Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 76 отбасылық денсаулық клиникасы  мен аймақтағы ФАБ-ге жөндеуге қаражат жіберу туралы шешім қабылданды.




Яндекс.Метрика