Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Мәңгілік ел» пойызының мамандары Қостанайдың 300 тұрғынына мамандандырылған көмек көрсетті

«Мәңгілік ел» республикалық пойыз Қостанайға келді, қалалық бірінші емханада пойыз дәрігерлері қала тұрғындары мен жақын жергілікті пункттерге жоғарымамандандырылған консультациялар өткізді. Қостанай аялдаманың 14 пункті болып есептеледі.
Қостанай29 Ақпан , 15:03

«Қостанайда барлық сырқатты адамдар  пойыздың келуіне дайын болды. Аса ауыр диагноздарымен келген адамдарға жоғарымамандандырылған көмекке жүгінуге қайда бағытталатынына жөн көрсеттік», - деді балалар пульмонологі Мира Ажахметова.

Оның айтуынша, тәжірибе бойынша «Мәңгілік ел» пойызы аясында дәрігерлер нақтыланбаған диагнозбен бірнеше рет  кездесті. Оларды жергілікті клиникаларда анықтау мүмкін емес. Бұл орайда пойыз мамандары емделу курсын жазып, бағытты дұрыс қоюға септігін тигізді.

«Мен бұл дәрігерді өте көп күттім. Бізге барлық үрдісті түсіндіріп беретін дәрігер қажет болған. Біз пойыз дәрігерлерінің келгеніне дейін баланың барлық сараптамасы мен көрсеткіштерін дайындадық. Енді біздің Ясмина қызымыз тиімді емделуден өте алады», - деді Мира Ахметжанова пациенттің анасы Гүлнар.

2016 жылы 15 ақпаннан бастап халық арасында "Мәңгілік Ел" идеясын насихаттау мақсатында Қазақстан Репсубликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Мәңгілік Ел" пойызы акциясы басталды. Айтулы шара 18 наурызға дейін жалғасады. Пойыз сапар барысында 33 елді мекенді қамтиды. 

Қостанай қаласында «Мәңгілік ел» пойызының дәрігерлері 300 пациентті қабылдады. Пойыздың келесі нүктесі Қостанай облысының Тобыл ауылы.




Яндекс.Метрика