Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Ж.Рахымова: «Тау-Кен Алтын» ЖШС 2019 жылға қарай қуаттылықты 25 тонна алтынға жеткізеді

ИИДМБ аясында 2012 жылдың 3 шілдесінде «Астана-жаңа қала» индустриалды паркі аясында «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының капсуласы салынған болатын. 2013 жылдың 19 желтоқсанында Мемлекет басшысының қатысуымен зауыт пайдалануға берілді.
Астана қаласы29 Ақпан , 14:47

Зауыт жобасы қымбат тастардың аффинажы облысында үздік әлемдік тәжірибеге сай салынған болатын. Осыған орай, электрохимиялық әдістің технологиясы әзірленді. Ол таза экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Төменгі сапалы шикізатты өңдеуге мүмкіндік береді. Дайын өнімнің 99,99 пайызға таза болуына септігін тигізеді.

«2014 жылы зауыт 7 тонна алын өндірді, ол Қазақстанның Ұлттық банкіне алтын валюта қорын толтыру үшін сатылды. 2015 жылы 10 тонна алтын мен 5 тонна күміс тапсырылды. Болашақта зауыт қуаттылығы 25 тонна алтын мен 500 тонна күміс болмақ, аталмыш мақсатқа 2019 жылы қол жеткізіледі деп күтілуде», - деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Тау-Кен Алтын» ЖШС қаржы мен есеп бойынша директордың орынбасары Жанар Рахимова.

Зауытта 74 адам жұмыс істейді, оның 56-сы өндірісте еңбек етеді. Өңдеуге шикізатты 29 жеткізуші әкеледі. 20 тонна шикізаттан 10 тонна таза өнім өндіріліп алынады. Шикізат Қазақстанның аймағында өндіріледі: Қостанай, Ақбақай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында.

«Шикізат зауытқа жеткізілген соң ол өлшенеді,апробацияланады. Жеткізушіге қаржы төленіп, материал технологиялық үрдіске кіріседі. Бізде 7 индукциялық пеш бар. Материал нақты сараптама үшін тексеріліп, өңделеді», - деді «Тау-Кен Алтын» ЖШС бас технологі Асқар Тілеулин.

Айта кетейік, бір құйманың салмағы 12 кг, 500 мың долларды құрайды.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика