Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Д.Әбдуғалиев: Қазақстан судьяларының жұмысы еліміздің азаматтарымен бақыланатын болады

Қазақстан судьяларының жұмысы республикамыздың азаматтарымен бақыланатын болады, деп Астана қаласының Есіл аудандық сотының төрағасы Дамир Әбдуғалиев Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы29 Ақпан , 13:46

«Судьяларға талаптар күшеюде. Судьялардың Этикалық кодексі жасалуда, азаматтар судьялардың әрекеттеріне судьялық қазылар алқасында шағымдана алады. Айта кететін жайт, судьялардың құрамында екі тәуелсіз комиссия құралды – бұл біліктілік және тәртіптік. Жаңартылған қазылар алқасының тұжырымдамасына судьялардың отырған лауазымдары бойынша мамандық сәйкестіктері енгізілді. Бұл судьялардың кәсіпқойлығын тексеретін тура жол»,-деді Дамир Әбдуғалиев.

Қазіргі таңда қайта сайланған судьяларға бір жылдық сынақ мерзімі енгізілуде. Ол кездері оларға азаматтық және әкімшілік істердің қарастыру жұмыстары жұмылдырылады.

«Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін судья облыстық соттың жалпы отырысында мақұлдандуы керек. Жалпы отырыстың оң қорытындысына сәйкес, судья алқа билер сотының Біліктілік комиссиясымен бағаланатын болады және осыдан кейін ғана ол жоғары сот кеңесіне судья болып ұсынылады. Яғни, судьялардың тағайындау тәртібі күрделенуде, судьяларды іріктеу үшін жаңа, неғұрлым қатаң критерийлер алға қойылуда»,-деді Астана қаласының Есіл аудандық сотының басшысы.

Естерінізге сала кетйік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру аясында судьялардың жауапкершілігін нығайту көзделген. Көбінесе, судьялардың Этика кодексін әзірлеу.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика