Инвестициялар

А.Шейхислямов: «Даму» бағдарламасы – ШОБ үшін нақты көмек

ШОБ субъектілерінің көп өлігі жабылмай, өз қызметін «Даму» қорының нәтижесінде жалғастырды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Астаналық жеке кәсіпкер Асылбек Шейхислямов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Ақпан , 12:47

«Қазіргі таңда бизнесті несиелендіру ерекше өзекті болып отыр. Менің мамандығым экономист, бағдарламаны әзірлеушілер  нақты мәліметтерді қолданғандары көрініп отыр. Бұл несие алудың көптеген үрдісін жеңілдетеді. Болашақта бірқатар түзетулер енуі мүмкін. Меніңше, ол несие алуда қарастырылатын басты мәселелерге сүйенуі мүмкін – 250 адамнан көп жұмыс істейтін және кірісі 3 млн  теңге болатын кәсіпкерлер», - деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, шағын және орта бизнес субъектілері сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер «Даму» бағдарламасынан нақты көмек алып, жаңа экономикалық жағдайда тұрақтылықты сақтап қалуда.

«Менде әрине, ешқандай статистика жоқ. ШОБ субъектілері жабылмай, «Даму» қоры нәтижесінде одан әрі жұмысты жалғастырды. Біздің ЖШС-да 30 адам жұмыс істейді. Біз тұрғын үйлерді жөндеумен айналысамыз. «Даму» қоры бойынша несиелендіру жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ШОБ-қа жасалып жатқан нақты қолдау», - деді ол.

Данияр Қасымов




Яндекс.Метрика