Парламент

Әділет министрлігі адвокаттардың арбитраждық дауларға қатысуын ұсынды

ҚР Әділет министрлігі адвокаттардың арбитраждық дауларға қатысу құқығын бөліп беруді ұсынды. Бұл ұсынысты ҚР Парлдаменті Сенатында конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында аталмыш ведомство басшысының орынбасары Зәуреш Баймолдина айтты.
Астана қаласы29 Ақпан , 11:54

Еске сала кетейік, жаңа заң жобасында арбитраждық палата құру көзделген. Жаңа институт Қазақстанда арбитраждар қызметін жүзеге асыру үшін жағымды құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

 «Тағы бір маңызды жайт, адвокаттық қызмет туралы заңға енгізілетін бір түзетуге көңіл бөлу қажет. Біз адвокаттарға арбитраждық дауларға қатысуды ұсынып отырмыз. Яғни, олар арбитр болады. Қолданыстағы заңдарда бұған тікелей тыйым жоқ, бірақ осындай норма болмағандықтан, қорғаушылар бұндай іске қатыспайтын», - дейді ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина.




Дерекнама

Яндекс.Метрика