Басқару

ОСК: 4 наурыздан бастап қазақстандықтар өздері туралы деректерді сайлау учаскелерінен біле алады

4 наурыздан бастап қазақстандықтар өзі туралы деректерді сайлау учаскелерінен біле алады, деді ОСК-да өткен брифингте Орталық сайлак комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев.
Астана қаласы29 Ақпан , 11:48

«Сайлаушы өзінің бұл құқығын іске асыра алуы үшін әкімдіктер сайлаушылар тізімдерін жасайды және олардағы мәліметтердің анықтығы мен толықтығына жауап береді. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады. Сайлау туралы заңға сәйкес әкімдіктер 28 ақпаннан кешіктірмей тиісті учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылардың жаңартылған тізімдерін акт бойынша берді.Осы сәттен бастап учаскелік сайлау комиссиялары тікелей сайлау учаскелеріндегі жұмысқа кіріседі», - деді ол.

Астана тұрғындары қаладан тыс шыққан жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясынан дауыс беру құқығымен есептен шығару куәлігін алады. Бұл үшін 4-19 наурыз аралығында өтініш жазып, жеке куәлікті ұсыну керек.

«4 наурыздан бастап сайлаушылар тізімдері танысу үшін учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында ұсынылады, әрбір сайлаушы оларда өзі туралы деректерді дауыс беру күніне дейін және сайлау күні тексере алады.Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тұрғылықты жерінде тіркелгенін (мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы) растайтын құжаттармен келіп, сайлаушылар тізімдерімен мұқият танысу қажет.Сайлаушының тегі тізімде жоқ болған немесе өзі туралы деректерде  дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда сайлаушы жоғарыда аталған құжаттардың негізінде оны тізімге енгізуді немесе қажетті түзетулер енгізуді талап ете алады. Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің елді мекені шегінен тысқары шыққан жағдайда, сайлаушыға дауыс беру мүмкіндігін дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі береді», - деді Б.Мелдешев. 

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика