Парламент

Сенат комитетінде «Арбитраждар туралы» заң жобасы таныстырылды

Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезекті отырысы өтіп, онда Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинаның таныстыруымен «Арбитраждар туралы» заң жобасы талқыланды.
Астана қаласы29 Ақпан , 11:36

Аталған заң жоабсы жөнінде арнайы баяндама жасаған министр орынбасары заң жобасының әзірленуіне «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру негіз болғандығын атап өтті.

«Ұлт Жоспарының 24-қадамы бойынша Дубай тәжірибесі үлгісінде «Астана» халықаралық арбитраж орталығын (AIFC) құру көзделген. Осыған орай, заң жобасында арбитраж қызметіне жаңа әдістер енгізу қарастырылған. Оның ішінде ішіндегі маңыздысы елімізде арбитраждық палатасының жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін болады», - деді З. Баймолдина.

Оның түсіндіруінше, құқықтық дауларды шешу үшін тек бірыңғай орталық құру жеткіліксіз көрінеді. «Сондықтан да мемлекеттік органдар тарапынан бұл мәселеде қолдау қажет ететіндігі сөзсіз. Бұл ретте біз Сингапур тәжірибесіне сүйенетін боламыз. Себебі, осы ел соттан тыс тәртіпте дауларды қарау жөнінен соңғы жылдары әлемдік деңгейде бірінші орынға шықты. Міне, осындай мәселелерді заң аясында құқық субъектілерінің дауларын өркениетті түрде шешуге үйреніп, мемлекеттік соттар шешіміне иек артпауына ықпал етеді», - дейді ол.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика