Адами капитал

ШҚО-да ойын алаңдары ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналып жабдықталады

2016 жылдың көктемінде Өскемен мен Семей қалаларының демалыс орындары мен саябақтары ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған ойын алаңдарымен жабдықталады.
Шығыс Қазақстан29 Ақпан , 20:43

Аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде 2016 жылдың көктемінен бастап ойын алаңдары қайта жабдықталатынын атап өтті. Д.Ахметовтың пікірінше, ерекше күтімді қажет ететін балалар өз құрдастарымен ашық әрі еркін байланыста болу керек. Бұл үшін барлық мүмкіндік жасалуы қажет.

«Біз абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне тоқталған кезде тек қоғамның бір санатын ғана ойлаймыз. Өзге, яғни физикалық қабілеті жетілмеген балаларымыз жайлы неге ойланбаймыз. Ешбір қала мен ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған өз құрдастырымен ойнайтын ойын алаңдары жоқ. Бірінші болып бұл міндетті Өскемен мен Семей қалаларының әкімдері жүзеге асырады», - деді Даниал Ахметов.

Бұл шешім мүмкіндігі шектеулі балаларға еш кедергісіз қоғам орнатудың қажеттілігінен туындап отыр. Әрбір қала, аудан, ірі елді мекендердің әкімдеріне парктер мен демалыс орындарында арнайы ойын алаңдарын орнату тапсырылды.

Атап өтсек, облыста аталмыш балалар тобына арнайы жағдай жасау жұмыстары жүрзілуде. 2016 жылдың қыркүйек айында ойлау қабілеті сақталған, есту, көру, қимыл-қозғалысы нашар балаларға арналған пансионат құрылысы аяқталады. Аталмыш мекеме балаларға қалыпты орта орнатуға және арнайы мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика