Өңірлер

2016 жылы ШҚО-да 52 көппәтерлі үй салынады

2016 жылы ШҚО-да 52 көппәтерлі үй салынады, деп ШҚО-ның ақпарат орталығы хабарлайды.
Шығыс Қазақстан29 Ақпан , 11:19

Айта кетейік, ШҚО-да Тұрғын үй бағдарламасы бюджеттік емес көздерден әзірленуде. Бұл мақсатты іске асыру үшін шығыс қазақстандықтардың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларын жұмылдырғылары келеді. Бүгінде олардың шоттары 21,3 млрд теңгеге шоғырланған.

«Біз тұрғын үйдің құрылысын ұсындық. Бұл жаңа жұмыс орындары мен экониканың өсімі. Егер бұрындары құрылыс жұмыстарына қаржыны бюджеттен алса, бүгіндері еңіс басқа бағытқа жасалған. Бар нәрседен жасау керек және мемлекеттік қаржыны тарту керек»,- деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Өскеменде құрылған инфрақұрылымды ескере отырып, тұрғын үй құрылысы жасалатын болады. Ол үшін өткен жылы қаланың бас жоспарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Семейде Қарағайлы ауданындағы құрылыс жалғасады.

Айта кететін жайт, 2015 жылы 318 мың шаршы метр тұрғын үй өткен жылғымен салыстырғанда 101,5 пайыз өсіммен пайдалануға берілді. Жалпы жаңа пәтерлерге 3 мыңнан астам отбасы орналасты. Сондай-ақ,  әлеуметтік салада 43 нысан пайдалануға берілді. 




Яндекс.Метрика