Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ОҚО колледждерінде ИИДМБ аясында 20 мамандық бойынша кабинеттер ашылды

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында жастардың белгілі бір мамандық иесі болуы үшін кәсіби-техникалық білім беруді жетілдіру қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда, облыстағы әрбір орта мектептерде кәсіби бағдар беретін кабинеттер ашылды, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан29 Ақпан , 15:34

Саяси құжатта айтылған міндеттерді орындау мақсатында аудан, қала әкімдіктері жанынан бағдарламаға қатысатын мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен колледж, аймақтағы кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылуда.

Жалпы облыстағы 90 колледжде 97 мамандық бойынша 70905 оқушы білім алып жатқанын, соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен білім алғаны 28902, яғни 38,2 % құрайды.

Сонымен қатар, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, қажетті техникалық мамандықтарға сұраныс айқындалып соңғы 3 жылда 20 жаңа мамандық ашылды. Кәсіпорындармен өзара байланысты нығайтып, дуальді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, құрылыс, техникалық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салалары бойынша 2015 жылы 28 колледжде 39 мамандық бойынша 100 кәсіпорынмен 4 жақты келісім шарт жасалып, 1347 студент аталған оқыту жүйесімен қамтылды.

Сонымен қатар, кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында 6 сала бойынша базалық колледждер құрылды. Олар туризм және қызмет көрсету, тігін, тоқыма және тамақ өндірісі, транспорт, ауылшаруашылық, құрылыс, техникалық және энергетика салалары. Соның ішінде, Шымкент аграрлық колледжіне облыстық бюджеттен 441 млн. қаржы бөлініп, оқу-өндірістік базасы салынып пайдалануға берілді. Техникалық және кәсіптік білім мекемелерін мемлекеттік тапсырыспен 2014 жылы бітірген – 9845 бітірушінің 9014-і немесе 91,6% жұмыспен қамтылған.




Яндекс.Метрика