Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстандық зауытта 600 тоннаға дейінгі салмақтағы кемелердің жаңа түрлерін шығаруды бастайды

«Зенит» «Орал зауыты» АҚ жаңғыртылатын болады. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін кәсіпорын 600 тоннаға дейінгі салмақтағы кемелердің шығарылуын игеруге ниет білдіріп отыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 29 Ақпан, 10:34

Өлшемі бойынша бұл корабльдер Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарақтандыруында тұрған таза салмағы 220-250 тоннаны құрайтын корабльдерден 2-3 есеге үлкенірек болады. Жаңғырту шеңберінде зауытта көп функционалды кемелерді, жүзбелі зертханаларды, тартқыштарды шығаруды, сондай-ақ келешекте вахталық ауысымды жеткізу кемелерін, іздестіру-құтқару және өрт, сонымен қатар өзге де техникалық флоттағы қосалқы кемелерді игеру жоспарлануда.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та айтқандай, мұндай өндірісті таңдау республикамызда бар Каспий теңізінің кен орындарында мұнай газ өнімдерін шығару жүзеге асырылуымен негізделеді. Осыған байланысты, оны іске асыру кезінде теңіз операцияларын қолдау, сәйкесінше, Қазақстанда осы мақсаттарға арналған жеке флот құру қажеттілігі туындайды. Таза салмағы 600 тоннаға дейінгі кемелерді шығаруға сапалы тұрғыда көшу үшін кәсіпорынға тиісті қайта құрастырудан өтуге тура келеді.

Бүгінде «Зенит» Орал зауытының әскери корабль құрастыру саласында 23 жылдық жұмыс тәжірибесі бар екенін айта кеткен жөн. 1993 жылдан бастап кәсіпорын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері мен ҰҚК Шекара қызметі үшін су алмасуы 250 тоннаға дейінгі теңіз катерлері мен корабльдерін салып келеді. Сонымен, былтырғы жылы ҚР ҚК ӘТК-ге «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі келіп түсті. 2016 жылы кәсіпорын тапсырыс берушілерге су алмасуы 13-тен бастап 250 тоннаға дейінгі 23 бірлік катер мен корабльдерді пайдалануға берді. 
 





Яндекс.Метрика