Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Шығыс Қазақстанда 2016 жылы 650 шақырымнан астам автожол жөнделді

2016 жылы Шығыс Қазақстанда өткен жылғымен салыстырғанда автожолдарға 2 есе жөндеу жұмыстарын жүргізді. Олардың ішінде шығыс қазақстандықтардың демалыс орындарына апаратын трассалар: Алакөл, Марқакөл, Сибинам көлдеріне, деп облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен есептік кездесу барысында айтты.
Шығыс Қазақстан29 Ақпан , 10:02

2016 жылы жолдардың инфрақұрылымын дамыту саласында орта жөндеу жұмыстары жөңдеуді оңтайландыру аясында жүргізіледі. Осылайша, осы жылы орташа жөндеу жұмыстары 336 шақырымға жасалады, қайта құру 288 шақырымға. Жалпы, орташа жөндеу жұмыстары 6 ауданға жасалады.

Осы жылы әр түрлі технологиялар қолданылып, екі учаскі бойынша, олар- Өскемен-Семей жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Сондай-ақ, Өскемен-Сибини (54 шақырым) трассасы, Серебрянск қ. апаратын жол (11 шақырым) және Алакөл мен Марқакөл өзендеріне апаратын нақты жолдар.

«Мақсатты тапсырмалардың шешімін табу керек. Біз барлық 19 аудандардағы 15-20 шақырым жолдарға жөндеу жұмыстарын жасағанда тәжірибені тоқтаттық. Жалпы алғанда, 2016 жылы 650-700 шақырым жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,-деді әкім.

Сонымен қатар, Аягөзден Ақсуатқа дейін 78 шықырым автожол жөнделді. Жөндеу жұмыстарынан кейін оның бағыты қысқарады және тәулігіне жолаушылардың  легін 200-ден 1500 көлікке дейін ұлғайтады.  Бүгінгі күні осы жолдардың нашар болуы себебінен республикалық Алматы-Өскемен трассасындағы Қалбатау а. арқылы 200 шақырым жолды артығымен айналып отыру керек.

ШҚО-ның ақпарат орталығы хабарлағандай, 2015 жылы қайта құру мен жөндеу жұмыстары 65 жол мен оудан орталықтарының 333,5 шақырым жолдарына жүргізілді. Сонымен қатар, Глубоковск ауданында жөндеу жұмыстары және Ертіш өзені арқылы Өскемен қаласында қайта құру жұмыстары жүргізілді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика