EXPO-2017

М.Салчи: 20-ға жуық швейцариялық компания ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы мүмкін

Эксклюзив
Бүгінгі таңда 20 швейцариялық компаниямен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Швейцария Ұлттық павильонының комиссары, Астанадағы ЭКСПО-2017 «PresenceSwizeland» халықаралық шаралар департаментінің басшысы Мануель Салчи Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы29 Ақпан , 09:13

«Швейцария Үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шешім қабылдады, себебі біз үшін аталмыш тақырып өте қызықты. Бұл Орталық Азияда өткелі жатқан ең ауқымды көрме», - деді павильон комиссары.

Департамент басшысы атап өткендей, ЭКсПО-2017 көрмесінің Швейцария үшін ең қызықты тұсы тақырыбы болып табылады. Дәстүрлі энергия көзінен баламалыға көшу.

«Швейцарияда біз судан энергия аламыз, көрмеде  тек дәстүрлі ғана емес, баламалы энергия көзін пайдалану керектігін паш етпекпіз», - деді ол.

М.Салчи айтып өткендей, қазір ЭКсПО-2017-ге қатысу бойынша 20 швейцариялық команиямен келіссөздер жүргізілуде.

«Швейцариялық компаниялар туралы айтатын болсақ, өткен жылы Алматыда Қазақстанда жұмыс істейтін  швейцариялық компаниялардың кездесуін өткіздік. Олардың тарапынан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға үлкен қызығушылық туды. Сондай-ақ, біз қазір 20 швейцариялық компаниямен келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

М.Салчи атап өткендей, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру өте ауқымды шара болып саналады.

«Бұл Орталық Азиядағы ең ірі ұйым, ол Швейцария тарапынан қызығушылық тудырып отыр», - деді ол.

 Индира Кауметова




Яндекс.Метрика