Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Мәңгілік ел» пойызының қатысушылары Көкшетау университетінің студенттерімен кездесті (ФОТО)

«Мәңгілік ел» пойызы Ақмола облысының орталығы Көкшетауға келді. Қатысушылардың ішінде жоғары санатты 30 дәрігер бар, министрлік пен ұйым қатысушылары, ҚХА мен «ҚазАгро» қызметкерлері бар.
Ақмола 27 Ақпан, 15:17

ҚХА өкілдері Достық үйіндегі кеңейтілген дөңгелек үстелге қатысты. Шараға пойыз делегаты, облыс активі мен ҮЕҰ мен Көкшетау ассамблеясының өкілдері қатысты.

«Бұл аймақ тарихи ескерткіштерімен құнды. Бұл жерде Абылайхан тағы, Шоқан Уәлихановтың отаны, қазақ халқының бетке ұстар – Біржан сал, Ақан Сері, Ыбырайлардың мекен етке киелі отаны», - деді «Мәңгілік Ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісов.

Оның айтуынша,  он мыңнан аса халыққа қызмет көрсетілді. «Осы 11 күннің ішінде. Ең бастысы бүкіл министрліктен 96 маман келді деп айтып отырмын. Соның ішіндегі ең көбі – 30-дан аса адам дәрігерлер. Жалпы біздің пойыздың алға қойған мақсаты – әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу», - деді Әміржан Әлпейісов, «Мәңгілік Ел» пойызының жетекшісі.
 





Яндекс.Метрика