Басқару

М.Ғабдуалиев: Жергілікті өзін өзі басқару кеңесі қоғамдық күзет тәртібін қамтамасыз ететін болады

Қоғамдық құрылымдардың құрылуы қала әкімдерімен бірлесе қоғамдық күзет тәртібін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деді ҚР Әділет министрлігі заңнама әкімшілігі және мемлекеттік басқару институтының жетекші ғылыми қызметкері Мереке Ғадуалиев Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы29 Ақпан , 10:49

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2015 жылы Қазақстан республикасында жергілікті басқару реформасы жалғасын тапты. 2015 жылдың 2-ші қарашасында Парламент «Қазақстан республикасының жергілікті өзін-өзі басқару ісін дамытуға қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасын қабылданған болатын»,-деді ол.

Аталмыш Заң жобасында «жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» жаңа институт енгізілген. Ол –  «аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі». Кеңес әкімдік жанындағы консультативтік орган болып есептеледі.

«ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген аумақтық өзін-өзі басқару кеңесі Қазақстан республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру  Концепциясын  дамытуға бағытталған. Концепцияда қала мәслихаттарына қоғамдық құрылымдар жасақтап, әкімдіктермен бірлесе жұмыс істеу қоса жүктелген. Бұл қызметті қаржыландыру мемлекеттік таспсырыс арқылы жергілікті бюджеттен қарастырылады», деді сарапшы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика