Басқару

ОСК: Сайлау органдарының үгіт науқаны кезеңіндегі негізгі міндеті - барлық саяси партиялар мен кандидаттарға үгіт жүргізу үшін тең жағдайлар туғызу

Орталық сайлау комиссиясында ҚР ОСК мүшесі Т.В. Охлопкованың электораттық науқанның барысы және кандидаттар мен саяси партиялар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету туралы брифингі болды.
Астана қаласы27 Ақпан , 14:38

Т. Охлопкова атап өткендей, «сайлау органдарының үгіт науқаны кезеңіндегі негізгі міндеті -  барлық саяси партиялар мен кандидаттарға үгіт жүргізу үшін тең жағдайлар туғызу болып табылады».

«Дегенмен, сайлау процесіне тікелей қатысушылар ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарының өздері де, Сайлау туралы заңның саяси партиялар және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін тең жағдайлар жасау жөніндегі талаптарын іске асыруға мүдделі болуы тиіс. Сондай-ақ үгіт науқаны барысын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру процесінде азаматтық қоғам институттары, ҮЕҰ және байқаушылар маңызды рөл атқарады» - деді Т. Охлопкова.

Жалпы бақылауға қатысты оны, сайлау органдары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, сондай-ақ прокуратура органдары жүзеге асырады.

Атап айтқанда, Ортсайлауком Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен бірлесіп күнделікті негізде 16 республикалық телеарнаға, 12 радиоарнаға, 48 республикалық газетке, 15 журналға, 159 интернет-ресурсқа, 31 өңірлік телеарнаға және 174 өңірлік газетке мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

Мониторингтің алдын ала мәліметтері сайлау заңнамасының саяси партиялар мен кандидаттардың үгіт науқанын жүргізуде бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ партиялар мен кандидаттардың қызметін тең жария ету туралы талаптары тұтастай сақталып отырғанын көрсетеді.

Т. Охлопкова Ортсайлауком және аумақтық сайлау комиссиялары сайлау процесіне қатысушылардың үгіт науқанын жүргізуге байланысты барлық өтініштеріне барынша жедел түрде ден қоюға тырысатынын атап өтті.

«Нәтижесінде, сайлау органдарының және сайлау процесіне барлық қатысушылардың күші  сайлау заңнамасының талаптарына және халықаралық жалпыға бірдей танымал қағидаттарға сәйкес әділ және транспарентті сайлау науқанын өткізуге бағытталуы тиіс» - деп атап өтті   Т. Охлопкова брифинг соңында.

 




Яндекс.Метрика