Адамзаттық капитал

А.Төлебаев: ҚР-да ойластырылған жаңару әлемдік жағдайды шешуде маңызды рөл ойнайды

Біздің ел дамудың жаңа серпініне шығып жатыр, сондықтан ойластырылған жаңару әлемдік жағдайды шешуде маңызды рөл ойнайды, бұл туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Төлебай» шаруа қожалығының төрағасы Архабек Төлебаев.
Астана қаласы27 Ақпан , 14:31

«Бүгінде бар әлем күрделі даму кезеңін бастан кешіруде. Құрылымдық өзгерістер жүріп жатыр, жаһандық экономика, шикізаттың бағасы төмендеп, әлемдік валюталар девальвацияға ұшырап жатыр. Осы жағдайларда дағдарыстық жағдайдан шығып, дамудың тұрақтылығын сақтап қалу өте маңызды. Елбасы 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы мен «Нұрлы жол» даму бағдарламасы бар», - деді ол.

А.Төлебаев айтып өткендей, біздің мемлекет дамудың жаңа кезеңіне шығып жатыр, сондықтан ойластырылған қайта жаңарулар экономикалық және саяси жағдайды жүзеге асыруға септігін тигізеді.

«Парламент Ұлт жоспарының 5 институционалдық реформасын қамтуда 59 жаңа заң қабылданды. Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын  20 наурызда өткізу Қазақстанның дамуына жаңа серпін береді. Мен алдағы сайлауға қатысуға барша азаматтарды шақырамын», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика