Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астанада арнайы мектеп автобустары іске қосылады

Қазіргі кезде елордада көлік кешенінің жұмысын жетілдіру бойынша жоба сәтті іске асырылып жатыр.Жоба аясында жылжымалы құрамды кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланып, жартылай орындалды. Ескі жылжымалы құрамды алмастыру үшін 358 автобус сатып алынып, бағдарлар бойынша жіберілді.
Астана қаласы29 Ақпан , 09:28

Сонымен қатар, оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін арнайы автобустар енгізіледі, бұл елорда жолдарына түсетін жүктемені азайтады. Бүгінде оқу орындарының педагогтар құрамымен және ата-аналар комитетімен қажетті бірліктер саны мен бағдарлар бойынша келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұдан басқа, жаңа қалалық такси жүйесін іске қосу көзделген. Автокөліктер заманауи технологиялармен (қолма-қол ақшасыз төлем, есептік құжаттама, мобильді қосымшалармен интеграция) жабдықталады, бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2015 жылы «Astra Bus» мобильді қосымшасы пайдалануға енгізілді. Аталған бағдарлама жолаушыларға оңтайлы бағытты таңдап, маңызды қалалық автобустар туралы ақпарат алуға, онлайн режимде автобустар қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. 1 қаңтар - 20 ақпан аралығында қосымшаны 95,5 мың пайдаланушы мобильді телефонына жүктеген.

Бұдан басқа, қоғамдық көлік жұмысын бақылау мақсатында Көліктік бақылау қызметі (КБҚ) құрылды. Аталған ұйым қызметкерлері қоғамдық көліктердің жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзу жағдайларына мониторинг жүргізеді, автобустардың санитарлық-техникалық жағдайларын тексереді, қалалық қоғамдық көлікте жолаушылардың жол жүру ақысын төлеуіне бақылауды жүзеге асырады. Тиісті жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылы ҚБҚ инспекторлары жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзудың 200 фактісін тіркеген.

Сонымен қатар, биыл көлік мамандарының біліктілік орталығында 1641 жүргізуші мен 1108 кондуктор оқытылады.

 

 

 




Яндекс.Метрика